«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 199 бұйрығы

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 199 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29767 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

««Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақтың 22) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 2 сыныбына арналған «Орыс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес);»;

1-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1-тармақшамен толықтырылсын:

«22-1) осы бұйрыққа 22-1-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4 сыныптарына арналған «Орыс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту орыс тілінде емес);»;

1-тармақтың 23), 24) және 25) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4 сыныптарына арналған «Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4 сыныптарына арналған «Неміс тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;

25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім беру деңгейінің 3-4 сыныптарына арналған «Француз тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы;»;

1-тармақтың 30), 31) және 32) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.